Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният жаппай уланған балалар жатқан Қарағанды облыстық клиникалық аурухананың инфекциялық орталығына барып, олардың жағдайымен танысты. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіТөрт пациенттің жағдайы ауыр. Олар қарқынды реанимация бөлімшесінде жатыр. Барлығы да өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.Осы ауруханада 10-15 жас аралығындағы тағы бес бала нейробоксирленген бөлімшеге жатқызылды.Олардың да жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.Сондай-ақ ведомство басшысы медициналық-әлеуметтік мекемеден түскен тағы екі пациент жатқан қалалық балалар ауруханасына барды.Мамандардың айтуынша, анықталған санитариялық-гигиеналық бұзушылықтар балалардың жекелеген тобының жіті ішек инфекцияларын тудыруы мүмкін емес.»Пациенттердегі клиникалық белгілер тамақтан улануға ұқсамайды. Мұнда қайта-қайта құсу, іштің жиі өтуі, кейде қан аралас іштің өтуі, сусыздану байқалады»,- деп атап өтті министрлік.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!