Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Медицина қызметкері күнімен құттықтады.

«Құрметті дәрігерлер, медицина қызметкерлері!

Баршаңызды Медицина қызметкері күнімен құттықтаймын! Сіздер адамгершілік пен ізгілік мұраттарына қалтқысыз қызмет етіп келесіздер.

Қоғамымыз дәрігер парызының ерекше мән-маңызына күн өткен сайын көз жеткізуде. Көптеген дарынды жастар осы мамандықты игеруге ұмтылып жатыр.

Мемлекет медицина қызметкерлеріне жан-жақты қолдау көрсетіп, денсаулық сақтау саласын дамытуға баса назар аударады. Ұлт саулығы – Жаңа Әділетті Қазақстанды құру  жолындағы мемлекеттік саясатымыздың аса маңызды бағыты.

Сіздерге ерен еңбектеріңіз, Гиппократ антына адалдықтарыңыз үшін шын жүректен ризашылығымды білдіремін.

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін», — деді  Президент.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!