Матрицаға сәйкес, облыстарда эпидемиологиялық ахуал қатты өзгермеген, республиканың алты өңірі әлі «сары» аймақта тұр

НҰР-СҰЛТАН, 9 наурыз – Sputnik. 9 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлерінде эпидемиологиялық ахуалды бағалаудың матрицасы жарияланды.

Бір тәулік ішінде өңірлердегі эпидемиологиялық жағдай қатты өзгерген жоқ.

  • «Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстары.

Қалған өңірлер «жасыл» аймақта тұр.

«Қызыл» аймақта бірде-бір өңір жоқ.

Қазақстанның өзі «сарыдан» «жасылға» ауысты.

Еске салсақ, кеше, 8 наурызда республика «сары» аймақта болған еді.

Өткен тәулікте елде 571 адамнан коронавирус анықталды.

sputnik.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!