274 қазақстандық анықтамасыз елге келген. Олар коронавирус инфекциясының бар-жоғын анықтайтын тест тапсырып, қазір станционарда нәтижесін күтуде
Коронавирусты анықтауға арналған ПТР-тест тапсырғаны туралы анықтамасыз шетелден 300-ге жуық азамат келген, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Сейсенбі, 9 наурыз күні Қазақстанға БАӘ, Мысыр, Мальдив Республикасы, Түркия, Оңтүстік Корея, Испания, Германия, Украина, Ресей Федерациясы, Грузия, Өзбекстан мен Қырғызстаннан 27 халықаралық әуе рейсі келген.
Қазақстанға 3 279 жолаушы ұшып келді. Оның ішінде 3 005 адамның теріс нәтиже көрсетілген ПТР анықтамасы бар. Ал 274 азаматта осындай анықтама болмаған. Енді үкімет осы азаматтардың тест тапсыруы үшін 1 миллион 918 мың теңге төлейді.
Бұған дейін хабарланғандай, 3 наурыздан бастап мемлекеттік зертханалар бір ПТР-тест үшін жеті мың теңге жұмсайды. Бұл соманың ішінде қонақ үй мен тамақтану шығындары қарастырылмаған. Алайда үкімет ПТР-тестсіз елге келген азаматтарды екі күн күту бойынша міндеттерді өз мойнына алған болатын.
8 наурызда 101 азамат Қазақстанға анықтамасыз келген. Осы жолаушылардың ішінде бір қазақстандықтан коронавирус анықталды. Ол Минсктен Нұр-Сұлтанға ұшып келген.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!