Фото: youtube.com
Halyq Uni. Елімізде қызылша ауруы өршіп барады. Тіпті, қазір Қазақстан ол инфекцияның таралуы жағынан әлемде 1-орынға шығып отыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.
Қызылшаны вакцинамен тоқтатуға болады. Бірақ бүгінде Қазақстанда вакцинамен басқарылатын инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық бақылау жағынан кемшілік көп.
Осы орайда Ақмарал Әлназарова инфекциялық ауруларды болжамдау және бақылау жүйесін күшейту үшін бірқатар шара атқару қажет деп санайды.
Нақты уақыт форматында температуралық режимді бақылау мүмкіндігімен профилактикалық егулер мен вакциналар қозғалысын есепке алуды цифрландыруды қамтамасыз ету, денсаулық сақтаудың барлық деңгейлерінде медицина қызметкерлерін оқытуды жолға қою, мүдделі органдармен және ведомстволармен бірлесіп басқарылатын инфекциялардың профилактикасында вакцинациялаудың маңыздылығы туралы халықты кеңінен хабардар етуді қамтамасыз ету қажет деп санаймын, – деді министр ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!