Скринингтік зерттеп-қараулардың ауқымды бағдарламасының шеңберінде Қазақстанда 2024 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 1,7 миллионнан астам азамат зерттеліп-қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Нәтижелер аурулардың 120 мыңнан астам жағдайы ерте кезеңде анықталғанын көрсетті, бұл ерте диагностика жүйесін жақсарту бойынша ағымдағы шаралардың тиімділігін растайды.Скринингтердің барысында мыналар анықталды:

• Артериялық гипертензияның 100 мың жағдайы – егер уақтылы анықталмаса және бақыланбаса, инсульт пен инфарктқа әкелуі мүмкін ең көп таралған аурулардың бірі.
• 20,2 мың қант диабетінің диагнозы — бұл соңғы жылдары елдегі өзекті мәселеге айналып келе жатқан ауру.
• Глаукоманың 5 мың жағдайы – емделмеген жағдайда соқырлыққа әкелуі мүмкін аурулар.

Сонымен қатар, 2024 жылы анықталған аурулардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,5%-ға өсті. Бұл пациенттің бағытын тиімді оңтайландыру, скринингтер жүргізуде бірыңғай тәсілді енгізу және тұрғылықты жеріне қарамастан азаматтар үшін медициналық зерттеп-қарауларға тең қолжетімділікті қамтамасыз етудің арқасында мүмкін болды.

Скринингтік жүйеде не өзгерді?

Кейбір ескірген және ақпаратсыз зертханалық-аспаптық әдістер дәлелденген дәлдікпен заманауи және жоғары тиімді әдістерге ауыстырылды.
– қант диабетін диагностикалау үшін гликирленген гемоглобин (HbA1c), (бұрын қандағы глюкозаны анықтау жүргізілген ) ;
– бүйрек ауруларын ерте анықтауға арналған шумақтық сүзілу жылдамдығы;
– жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін бағалау үшін қан сарысуындағы төмен тығыздықтағы липопротеидтер.
– жатыр мойны обырын ерте анықтауға арналған сұйық ПАП тестті.

Бұл тәсілдер:
– асқынулардың санын азайту, мүгедектікке немесе өлімге әкелуі мүмкін асқынулардың алдын алу;
– скринингті қолжетімді ету (нысаналы топтарды кеңейту).
 
Сонымен қатар, 2025 жылдан бастап 50-70 жастан асқан ер адамдар үшін 2 жылда 1 рет ми қан айналымы бұзылыстарының даму қаупін ертерек анықтауға арналған скрининг енгізіледі.

15-17 жас аралығындағы қыздар үшін жұлын-бұлшықет атрофиясының болуына молекулалық-генетикалық тестілеу енгізіледі.

Қазақстанда мынадай ең көп таралған 8 ауруды ерте анықтауға скринингтік зерттеулер жүргізілуде:

артериялық гипертензия (2 жылда 1 рет)

жүректің ишемиялық ауруы (2 жылда 1 рет)

қант диабеті (2 жылда 1 рет)

глаукома (2 жылда 1 рет)

жатыр мойны обыры (4 жылда 1 рет)

сүт безінің обыры (2 жылда 1 рет)

колоректалдық обыр (2 жылда 1 рет)

вирустық гепатиттер (3-6 айда 1 реттен жиі емес).

Денсаулық сақтау министрлігі барлық азаматтарды өз денсаулығына қамқорлық жасауға және үнемі тегін скринингтерден өтуге шақырады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!