Фото: © istockphoto.com
Онкогинеколог дәрігер, жоғары санаттағы радиациялық онколог Ғайни Олжатаева еліміздегі жекеменшік клиникалар адам папиллома вирусына қарсы вакцинаны өз ақшасына сатып алып, қазақстандықтарды ақылы түрде вакциналауы мүмкін екенін жоққа шығармады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол қазір елімізде 11 мен 13 жас аралығындағы қыздарға папиллома вирусына қарсы вакцина тегін егілетінін, ал ересектер үшін ақылы вакцинация жоқ екенін мәлімдеді.
«Болашақта егер жекеменшік клиникалар вакцина сатып алса, біз оларды реттей алмаймыз. Олар екпені өз қаражатына сатып алып, ақылы негізде еге алады», – деді Олжатаева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Дәрігердің айтуынша, бүгінде 11-13 жастағы 25 мың оқушы қыз осы вирусқа қарсы вакциналанған. Соның ішінде 15 мың қыз – он бір жаста.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!