18 жасқа дейінгі балалар мен 65 жастан асқан қарт адамдарға коронавирусқа қарсы вакцина салынбайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азаматтардың мектеп жасындағы балаларды вакцинациялау туралы өтініштеріне байланысты департаменттің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің өкілдері COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың тәртібі мен ережелерін түсіндірді.

«Халық денсаулығы кодексінің» 77-бабы негізінде кез келген вакцинация, оның ішінде коронавирустық инфекцияға қарсы екпе ерікті түрде жүзеге асырылады. Келіспеушіліктер туындаған жағдайда әр азамат вакцинациядан жазбаша түрде бас тартуға құқылы.

«18 жасқа дейінгі балалар мен 65 жастан асқан адамдар тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы мәліметтердің болмауына байланысты вакцинацияланбайды. Сонымен қатар, COVID-19-дың жедел және симптомсыз формасы бар адамдар және онымен байланыста болған адамдар коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина салынбайды», – делінген хабарламада.

Департамент вакциналардың қауіпсіз екендігіне тоқталды. Лицензиясы бар кез келген вакцина сынақтың бірнеше кезеңінде мұқият тексеріліп, содан кейін ғана қолдануға жарамды деп танылады. Вакциналар нарыққа шығарылғаннан кейін, олар үнемі қайта тексеріліп отырады.

Коронавирусқа қарсы вакцинация кезең-кезеңімен және ақысыз жүргізіледі.

Бірінші кезеңде, 1 ақпаннан бастап жұқпалы аурулар ауруханаларының медициналық қызметкерлері, жедел медициналық көмек қызметі, жансақтау бөлімі, жедел жәрдем бөлмелері, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлері вакцинаны ала алады.

Екінші кезеңде 1 наурыздан бастап – орта мектептердің, жоғары оқу орындарының, колледждердің оқытушылары, медицина қызметкерлері алады.

Үшінші кезеңде, 1 сәуірден бастап – мектеп-интернаттардың мұғалімдері, оқушылар мен созылмалы аурулары бар адамдарға егіледі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!