Қазақстанда 12 жастан асқан балаларға коронавирусқа қарсы вакцина егуге мүмкіндік беретін жеңіл вакцина пайда болуы мүмкін. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасының эфирінде айтты.

«Қазір институт зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. 12 жастан асқан балаларға вакцина егуге мүмкіндік беретін жеңіл вакцина пайда болуы мүмкін», – деді Алматы әкімі.

 Ресейде жасөспірімдерге коронавирусқа қарсы вакцинация 20 қыркүйекке дейін басталады.

Сағынтаев Алматы оқу жылына дайындалып жатқанын, биылғы оқу жылы оффлайн режимінде өтетінін айтты.

«Pfizer компаниясы балаларға арналған вакцинаны ресми түрде мақұлдағандықтан, мемлекет басшысы бұл дәрі-дәрмекті жеткізуді жеделдету туралы шешім қабылдады», – деді ол.

Сағынтаев COVID бізбен мәңгі бірге қалатынын, бірақ оны «маусымдық тұмауға» айналдыру үшін  вакцина егу керек екенін, әйтпесе қазақстандықтар ешқашан оффлайн оқу жылына өтпейтінін айтты.

 Бұған дейін, Дания 12-15 жас аралығындағы балаларға коронавирусқа қарсы вакцина егілетінін мәлімдеді.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 5 мыңнан асты. Алматыдағы жұқпалы аурулар ауруханаларында 1947 науқас жатыр, оның 168-і балалар.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!