Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қауіпті инфекцияларға қарсы міндетті вакцинацияның енгізілуіне қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрдің сөзінше, бұл мәселе елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады.
“Әзірге жоспарда жоқ. Бүгінде 800 мың бала екпе алмаған. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, егер медициналық қарсы көрсетілімдер болса, вакцинадан бас тартуға болады», – деп жауап берді Ажар Ғиният.
Министр медициналық тұрғыдан тыйым салынбаған азаматтар мен балалардың ата-аналарына қызылшаға қарсы екпе алуға кеңес берді. Сондай-ақ ол негізгі белгілерін де атап өтті.
“Вакциналанғандар ауыр аллергиялық реакцияларды бастан кешіреді және иммун тапшылығы жағдайлары бар. Бүгінде вакцина алуы тиіс балалардың ата-аналарымен жұмыс істеудеміз», – дейді министр.
Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, елде қызылша жұқтырғандар саны 20,2 мың адамға дейін өскен.
Елорданың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова Астанада жағдай ушыққанын айтты. Тәулігіне 45 вирус жұқтыру дерегі тіркеледі. Бұған дейін елордада күн сайын қызылшаның 35 жағдайы тіркелетіні хабарланған. Сондай-ақ ЮНИСЕФ қорының мәліметтері бойынша Қазақстан қызылшаның таралуы бойынша әлем елдерінің арасында бірінші орында екені айтылды.
Өткен жылдың 28 желтоқсанында елімізде екі бала қызылшадан көз жұмғаны белгілі болды. Ал оның алдында Өскеменде қызылшадан 6 айлық сәби көз жұмған еді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!