Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында елдегі дәрігерлердің орташа жалақысын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министрдің сөзінше, медицина қызметкерлерін ынталандыру үшін жыл сайын жалақы көлемі арттырылып жатыр. 

“Биылдың өзінде дәрігерлердің орташа жалақысы 420 мың теңгеге жетті. Бұл ретте орта медицина қызметкерінің жалақысы шамамен 235 мың теңгені құрады», – деді министр.

2023 жылы президенттің тапсырмасымен 2023 жылға қарай дәрігерлердің айлығы экономикадағы орташа жалақыдан 2 есе жоғары деңгейге жетеді. 

Сонымен қатар ол Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде халыққа қымбат тұратын медициналық қызметтердің қолжетімділігі артқанын айтты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!