Үнді штаммының анықталуына байланысты ВАК мынадай шаралар қабылдауды ұсынды:- Вакцина алмаған қызмет көрсету саласы мен ірі ұжым қызметкерлеріне жұмысқа кіруге шектеу енгізу;- Екпе алудан бас тартқан қызметкерлер үшін міндетті ПТР-тестілеу талабын енгізу;- Ashyq жобасына сауда ойын-сауық орталықтарын, сауда үйлері мен азық-түліктік емес базарларды қосу;Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласында сауда орталықтары, ғимарат ішіндегі қоғамдық тамақтану орындары сенбі-жексенбі күндері жұмыс істемейді. Ашық ауада өткізілетін бұқаралық шараларға 100 адамнан артық қатысуға тыйым салынады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!