Фото: pixabay.com

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік желіде елде COVID-19 қайта тарап жатқаны туралы тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Желіде тараған хабарламада Алматыдағы ауруханалар науқасқа толы екені, көптеген науқас өкпені жасанды желдету аппараттарына (желдеткіш) қосылғаны айтылған.

Мессенджерлерде жұқпалы аурулар ауруханалары COVID-19 пациенттерімен толып жатқандығы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Коронавирустық инфекцияның жағдайы бақылауда. 2024 жылдың басынан бері елде 1356 COVID-19 оқиғасы тіркелді, бұл былтырдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштерден 8 есе аз. COVID-19 төсектері жұқпалы аурулар бойынша төсек қорының 0,1 пайызын алады. Өлім тіркелген жоқ, – деп хабарлады ведомстводан.

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасында өңірдегі коронавирус жағдайы тұрақты екенін алға тартты.

Денсаулық сақтау министрлігі халықты ресми ақпарат көздерінен алынған сенімді ақпаратқа ғана сенуге шақырды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!