ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 11 маусымдағы мәліметіне сәйкес, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның толық дозасын 1 297 662 адам алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, вакцинаның I компонентімен 2 416 430 адам, II компонентімен 1 297 662 адам егілді.

Коронавирусқа қарсы вакцинаның екі компонентін де алған ең көп тұрғындар:

Алматы қаласында – 220 729,

Алматы облысында – 149 998,

Қарағанды облысында – 117 797,

Нұр-Сұлтан қаласында – 115 818 және Шымкент қаласында 104 894 тікерлген.

Айта кетейік, бір тәулікте елімізде коронавирус вакцинасының ІІ дозасын алғандар саны 33 451 адамға артты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!