Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда қоғамдық орындарда міндетті түрде маска кию қашан жойылатыны туралы хабарлады. Оның айтуынша, жеңілдету шаралары 2021 жылына жоспарланған.

«Бұл ең маңызды мәселелердің бірі шығар. Біз халықтың біршамасын вакцинациялауымыз керек деп ойлаймыз. Мұны күздің басына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Қыркүйек айына дейін біз ең көп азаматтарға вакцина егуіміз керек. Кейбір елдерде қазірдің өзінде 60 пайызға дейін вакцина егілді, халыққа маскаларын шешуге рұқсат етіледі, өйткені қазірдің өзінде ұжымдық иммунитет бар. Азаматтар бір-бірін қорғайды», – деді Цой журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, егер қазақстандықтар енді маскаларын шешсе, вирус одан әрі тарала береді, өйткені вакцинацияланбаған адамдар тым көп.

«Вирус адамнан адамға жұғады. Вакцина алған адам вирустың таралуын тоқтатады. Егер азаматтардың көп бөлігі вакцинацияланған болса, вирус одан әрі басқа адамға берілмейді. Біз азаматтарды екпе шақырамыз», – деп қорытындылады министр.

Денсаулық сақтау министрлігі сәуір айында екі миллион азаматты коронавирусқа қарсы егу жоспарын орындай алмады. Алайда мамыр айының басында билік тағы бір айда тағы екі миллион адамға вакцина егуге уәде берді. 10 миллион азаматты вакцинациялау қыркүйек айында аяқталады деп жоспарланған.

Бүгінгі күні вакцинаның бірінші компонентін 2 056 768 адам алды. Оның ішінде 997 360 адам екінші компонентті алып, вакцинацияның толық курсын аяқтады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!