Фото: shutterstock
Денсаулық сақтау министрлігі міндетті медициналық сақтандыру жарналарының жоғарғы шегін қайта қарауды бастады. Бұл туралы ведомство басшысы Ақмарал Әлназарова мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрдің айтуынша, қазір сақтандыру жарналары азаматтың қанша жалақы алатынына қарамастан 10 ең төменгі жалақымен шектелген.
«Егер жалақы жоғары болса, біз жұмысшылардың өздерінен сақтандыру жарналарын есептеудің жоғарғы шегін қайта қарауды жоспарлап жатырмыз және әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (ӘМСҚ) жарналар ең төменгі жалақының 10 мөлшерінде ғана жүзеге асырылады. Егер жарна 2-3 миллион болса, шегерімдер де азаяды. Сондықтан біз осыдан 3-4 ай бұрын ұсыныс жасадық. Салық салу мен есептеудің әділ шкаласы туралы біз бұл мәселені талқыладық», – деді министр журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтқандай, бұл норма парламентте қолдау тапса, ӘМСҚ-ға қосымша қаржы тартылады.
«Әрине, біз өз тарапымыздан жауапкершілікті түсінеміз. Ең әуелі, біз осы қаражат арқылы жоғары сапалы медициналық көмек көрсетуіміз керек. Оның қолжетімдігі мен ашықтығын қамтамасыз етуіміз керек Қор жұмысын қайта форматтау және халықты медициналық сақтандыру жүйесіне барынша тарту, бюджет аясында сапалы медициналық қызметтерді көрсету мәселелері бүгінде бізде жұмыс істеп жатқан міндет осы», – деді министр.
Денсаулық сақтау министрлігі міндетті медициналық сақтандыру бойынша ең жоғары жарнаны бес есе арттыру мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл процедура жалақысы 850 мың теңгеден асатын қызметкерлерге қатысты болады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!