Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елде 2022 жылдың алғашқы жартысында нәресте өлімінің 7%-ға өскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің сөзінше, Шымкент нәресте өлімі бойынша көш бастаған. Мұнда әр 1 мың бала үшін 13,58 өлім тіркелген. Ал Қостанай облысында мың бала үшін 12,58 өлім.
«Нәрестелер өлімі әлі де көп. 2021 жылдың алғашқы жартысымен салыстырғанда өсім 6,5% болды», – деді ол үкімет отырысында.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда нәресте өлімі соңғы бес жылда ең жоғары көрсеткішке жеткені туралы хабарлаған едік. Сонымен қатар ресми мәліметтерге сәйкес нәрестелер ауылдық жерлерге қарағанда қалаларда жиі шетінейді екен.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!