1 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетіне қарсы қабылданып жатқан шаралар жөнінде жиын өткізеді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
«Бүгін түстен кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетіне қарсы іс-қимыл жөнінде жиын өткізеді. Іс-шара барысында COVID-19 індетіне шалдыққан азаматтардың көбеюіне байланысты еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға бағытталған кешенді шаралар, сондай-ақ, халыққа вакцина салу мәселесі қарастырылады», – деп жазды Уәли фейсбукте.
Жиынға орталық мемлекеттік органдардың басшылары, аймақ әкімдері қатысады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!