Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайып келеді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы жылдары бұл көрсеткіш 17,5%-ға төмендеген, деп хабарлайды «Адырна«. 

Бұл нәтижеге ұлттық заңнамадағы шаралар ықпал етті:

2009 жылы – қоғамдық орындарда темекі шегуге кезең-кезеңімен тыйым салу.

2011 жылы – жарнамаға толық тыйым, қораптарға графикалық ескертулер енгізу.

2014 жылы – акциздерді едәуір көтеру.

2020 жылы – темекіні ашық қоюға тыйым, сату жасын 21-ге көтеру, насыбай мен снюсқа тыйым.

2023-2026 жылдары – акциздерді кезең-кезеңімен ұлғайту.

2024 жылы – электрондық темекілер мен вейптердің айналымына толық тыйым.

Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, шылым шегу деңгейі 2020 жылғы 21,9%-дан 17,5%-ға дейін төмендеп, халық денсаулығын жақсартуға оң әсер етуде.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!