Қазақстанда алдағы эпидемиялық маусымда вирустың үш штаммы жүріп өтеді, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.
«Алдағы эпидемиялық маусымда ДДСҰ деректері бойынша 2022/2023 эпидемиялық маусымға арналған вакцинаға енгізілген вирустың үш штаммы – A (H1N1), A (H3N2) және В өзекті болады», – деді Есмағамбетова.
Оның айтуынша, келесі аптадан бастап елде тұмау мен суық тиюге қарсы екпе егу басталады. Вице-министр тұмау мен ЖРВИ-мен сырқаттанудың шарықтау шегі қарашадан сәуір айының ортасына дейін болатынын айтып өтті. Осыған байланысты алдын ала профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
«Көптеген адамдар тұмауды ауыр ауру ретінде қабылдамайды. Сонымен қатар, жыл сайын маусымдық тұмаудан 650 000-ға дейін адам қайтыс болады. Сондықтан тұмауға қарсы егу өте маңызды, әсіресе жас балаларды, қарттарды, жүкті әйелдерді және иммундық жүйесі әлсіреген адамдарды қорғау үшін екпе егу қажет», – деді Айжан Есмағамбетова.
Биылғы жылы Grippol+ вакцинасының 2,3 миллион дозасы сатып алынды. Бұл ел тұрғындарының 12 пайызын тегін вакцинамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жиі ауыратын балалар бюджет есебінен егілетін болады;
Сонымен қатар, жұмыс берушілер өз қаражатына өз қызметкерлеріне екпе жасай алады. Сондай-ақ, тұрғындар ақылы негізде иммундау үшін бекітілген медициналық мекемелерге жүгіне алады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!