KAZINFORM – Биыл 6 айда елімізде 8633 адам профилактикалық ем алды, оның ішінде 55% – балалар, 45% – ересектер. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры, Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас фтизиатр-дәрігері Мәлік Әденов мәлім етті.

Туберкулез инфекциясын профилактикалық емдеудің жаңа тиімді режимі енгізілді, яғни «Рифапентин» препаратын қолдана отырып 6 айдан 1-3 айға дейін қысқарады. Биыл 6 айда 8633 адам профилактикалық ем алды, оның ішінде 55% балалар, 45% ересектер. Осылайша, (ДДҰ стандартына кемінде 90% қол жеткізілді) профилактикалық ем 93 пайыз тиімділігін көрсетті. Туберкулез инфекциясын профилактикалық емдеу, әсіресе туберкулезге шалдығу қаупі жоғары топтар арасында аурудың белсенді түрінің таралуын және дамуын болдырмау жолында шешуші рөл атқарады, – деді Мәлік Әденов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, Қазақстанда туберкулезді емдеу, диагностикалау тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде тегін жүргізіледі.

Одан бөлек туберкулез дертінен инъекциялық препараттарды қолданбай тиімді емдеу режимі бар. Сол сияқты аталған дертті көп дәрі-дәрмекпен емдеу мерзімі 24 айдан 9-12 айға дейін қысқартылды. Претоманид (BPaL/BPalM) препаратын қолдана отырып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған дәріге төзімді туберкулезді емдеудің жаңа режимін енгізу бойынша пилоттық жоба іске асып жатыр, ол бойынша емдеу мерзімі 6 айға дейін қысқартылады, – дейді ведомство өкілі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!