Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссияның отырысында вакцинациялау бойынша жүргізілетін рейдтердің алгоритмі мақұлданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алгоритм Денсаулық сақтау министрлігі, мүдделі мемлекеттік органдар және «Атамекен» ҰКП-мен әзірленді.
Енді мониторингтік топ рейд барысында кәсіпорын қызметкерлерінің COVID-19-ға вакцинаның бірінші компонентін алып-алмағанын тексереді.
Қызметкерлер саны 50 адамнан асатын және вакцинаның бірінші компонентін салдырғандар саны 60%-тен төмен кәсіпорындардың тізімі жобалық кеңсенің Вакцинация картасы негізінде жасалады.
Мониторигтік топ рейдін тіркеу тәртібі InfoKazakhstan электронды платформасында жүзеге асырылады.
МТ объектіге шығу кезінде жұмыс беруші екпе алған және вакцинациялаудан босату туралы құжаттары бар қызметкерлерді (7 күннен аспайтын мерзімдегі ПТР-зерттеулер, тұрақты/уақытша медициналық қарсы көрсеткіштер немесе сауыққаннан кейін 3 ай ішінде COVID-19 ауырып жазылған адамдар) көрсете отырып, толық тізім (аты-жөні, ЖСН) ұсынады.
МТ іріктемелі түрде (қызметкерлер саны 50-ден 200 адамға дейін – қызметкерлердің кемінде 10%-ы, 201-ден 500-ге дейін-кемінде 5%, 501-ден 1000-ға дейін-кемінде 3%, 1000-нан жоғары-кемінде 1%) «ASHYQ» қосымшасы арқылы қызметкерлердің мәртебесін тексереді және жұмыс беруші ұсынған қызметкерлер тізімімен салыстырып тексереді.
«Жасылдан» басқа мәртебесі бар қызметкерлер анықталған жағдайда, оның вакцинациясыз жұмыс орнында болу құқығын беретін ақпараь (анықтама) сұратылады (мерзімі 7 күннен аспайтын ПТР-тестілеу нәтижесі, тұрақты/уақытша медициналық қарсы көрсеткіштер немесе сауыққаннан кейін 3 ай ішінде COVID-19 індетінен жазылған адамдар).
Вакцинация тәртібінің бұзылғаны расталған жағдайда МТ нақты осы тұлғаларды көрсете отырып материалдар қалыптастырады және кейіннен шешім қабылдау үшін СЭС органдарына жібереді. Кәсіпорынға (басшыға не өзге уәкілетті тұлғаға) вакцинацияланбаған жұмыскерлерді қызмет объектісіне жіберуді шектеу қажеттілігі түсіндіріледі.
Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары МТ-тан келіп түскен материалдардың негізінде объектіге санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізу туралы Қаулы береді (жолдайды).
МТ Қаулыда белгіленген мерзім ішінде қызметкерлерді жұмыс орындарына негізсіз жіберу фактілерін қайта анықтаған кезде жұмыс берушіні ҚР ӘҚБтК сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәселе қаралады.
Жергілікті атқарушы органдар объектілерге әкімшілік шараларды қолдану нәтижелері бойынша объектінің»Ashyq» жобасына қатысуын тоқтата тұрады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!