Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов
Қазақстандық әйел қан қысымын түсіру үшін куркума қосылған сірке суын ішіп, ауыр жағдайда ауруханаға түсті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға Шымкентте болған. Бұл туралы №2 қалалық аурухананың бас дәрігері Бақытжан Позилов айтып берді.
«53 жастағы әйел қан қысымын төмендету үшін интернеттегі кеңестерді қарап, алма сірке суы мен куркуманы араластырып ішкен. Соның салдарынан ол анафилактикалық шокқа түсіп, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Диагнозы: Лайелл синдромы – аллергиялық буллезді дерматиттің ең ауыр түрі», – деді дәрігер.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!