Бүгін премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен кезекті үкімет отырысы өтті. Қазақстандық министрлер жиынға көп уақыттан бері алғаш рет маска тағып келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Айта кетейік, соңғы күндері елімізде коронавирус жұқтырғандар саны артып келеді. Өткен тәулікте еліміз бойынша 187 жаңа дерек тіркелді. Ауырғандардың көп бөлігі Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында.
Қазақстан коронавирус жұқтыру бойынша «сары» аймаққа өтсе, қандай шектеулер қабылданады
Коронавирус қайта күшейді – Үкімет жаңа шектеу шараларын қабылдамақ
Бұған дейін коронавирус бойынша Алматының «сары» аймаққа өткені хабарланды. Енді алматылықтарға адамдар жаппай жиналатын жабық мекемелерде маска тағуға кеңес беріледі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!