Елімізде дәрумендер де 30 пайызға дейін қымбаттаған. Имунитетті көтеретін түрлі қоспалар кей дәріханаларда екі есеге дейін көтеріліпті.
Дәруменді тұрақты пайдаланатындар мұны біраздан бері айтып, шағымданып жүр. Бағаның өскенін Денсаулық сақтау министрлігі де мойындайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Қазір індеттің қайта өршіп, нағыз иммунитетімізді көтеретін уақыт. Оған қарсы дәрумендер де бірден бағасы өсіп шыға келген. Диетолог Елена Мамай түрлі дәрумендердің мезгіл сайын қолданатын жандардың бірі. Соңғы уақытта сұраныстағы витаминінің құны шарықтағанын көрген ол жағасын ұстағанын жеткізді.
«Магний Б 6 дәруменін өзіме соңғы рет желтоқсан айында 2015 теңгеге сатып алдым. Таусылғасын екі апта бұрын дәріханаға барсам, бағасы екі есеге өсіп, 4800 теңге болып кетіпті. Мүмкін қорабы мен ішіндегі дәрумендер саны жағынан айырмашылық бар ма деп қайта-қайта салыстырып та қарадым. Сол 60 дана соңғы алғанымда да 60 дана. Бұл дегеніміз сұмдық. Мұндай бағада ешкім бұл витаминдерді алмайды енді», – дейді диетолог Елена Мамай.
Дәрумендердің қымбаттағанын қаладағы дәріхана басшылары да жоққа шығармайды. Айтуларынша, бағаның аспандап кетуіне жыл басынан бергі доллар мен рубльдің қайта-қайта құбылуы себеп екен. Соның салдарынан, тіпті иммунитетті көтеретін витаминдердің кейбірі енді елімізге жеткізілмейтін де болған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!