Денсаулық сақтау министрлігі белгілі бір аурулары (жағдайлары) бар ел азаматтарының жекелеген санаттарына тегін немесе жеңілдікпен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Амбулаториялық қамтамасыз ету жобасында емдеуге арналған 3 жаңа дәрілік препаратты енгізу көзделген:

  1. Лимфоидты, қан түзуші және соған жақын тіндердегі қатерлі ісіктер (оның ішінде апластикалық анемия мен иммундық тромбоцитопения);
  2. онкологиялық аурулар;
  3. псориаз.

Жобаны іске асыру тиімді терапияның қолжетімділігін арттыруға, созылмалы және онкологиялық аурулары бар пациенттердің клиникалық нәтижелері мен өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!