30 мамыр  күні облыстық ішкі саясат басқармасының «ҮЕҰ мен қоғамдастықты қатыстыра отырып қоғамдық кеңестермен жүргізілетін қоғамдық бақылауды дамыту» әлеуметтік жобасы аясында тұрғындардың әлеуметтік желідегі өтініштері мен ұсыныстары талқыланды. Әсіресе,  №3 қалалық емханасының ішкі жағдайы, МӘМС, УДЗ қызметтері, тегін дәрі-дәрмектің уақытылы берілмеуі секілді өзекті мәселе қаралды.

Жиынға «Әділет жолы» РҚБ Қызылорда облысының филиалының басшысы, облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі Ляззат Бактыбаева, облыстық арнайы мониторинг тобының мүшесі, «облыстық Азаматтық Альянс» қауымдастығының мүшесі Майра Боранбаева, Қоғамдық даму басқармасының бас маманы Сымбат Бимаганбетова және облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Гүлзат Есболова мен «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының директоры Айжан Айтмамбетова қатысты.

 Мүмкіндігі шектеулі жандар мен жүкті әйелдер және көп балалы аналарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету ісі айталды. Сондай-ақ, белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар азаматтардың жекелеген санаттарын, амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдерді туралы мәселелер де назарда болды. Оған қоса УДЗ қызметтері ақылы болуы, тегін дәрі-дәрмектің уақытылы берілмеуі де наразылық тудырыпты.

Қоғамдық бақылау барысында айтылған ұсыныстар бойынша Қызылорда облыстық денсаулық басқарма басшысына хат жолданды .

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!