ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен бірге бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, жұмысымен танысты.

Үкімет басшысының орынбасарының өңірге жұмыс сапары Шиелі ауданынан басталды. 
 Өңірге жұмыс сапары барысында Үкімет басшысының орынбасары Шиелі орталық көпбейінді аудандық ауруханасын аралап көрді. Онда аурухана жұмысы мен саладағы атқарылып жатқан жұмыстарды облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Искаков Олжас Ермекұлы баяндады.
 Айта кетейік, «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 2023-2024 жылдары Қызылорда облысында 27 денсаулық сақтау нысаны бой көтермек. 
 Сондай-ақ, Қызылорда қаласында бір ауысымда 100 келушіге арналған емханасы және онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы басталды. Жобаның жалпы құны – 36,4 млрд. теңге.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!