Қышыма – жұқпалы паразиттік тері ауруы. Ол науқас адаммен тікелей жанасқанда немесе ол пайдаланған заттарды қолданған кезде жұғады. Бұдан бөлек, ауру мысықтар, иттер инфекция көзі бола алады.

Қызылорда облысы бойынша жыл басынан бері қышыманы жұқтырған 164 науқас есепке алынды, оның ішінде 108 дерек – 14 жасқа дейінгі балалар арасында анықталды.

Қышыманың клиникалық көрінісі – терінің қышуы, тері үстінің бөртіп, көпіршік түйіндер, 3-10 мм шамасындағы қанды сұр сызықтар – кене жолдары пайда болады.

Бөртпелер көбінесе бет аймағы, саусақтар арасы, алақан аймағы, білек, кеуде, іш, бел, санның ішкі жақтары, табанда орналасады.

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті келесідей сақтық шараларын ұсынады:

  • жеке бас гигиенасын сақтау;
  • ауру белгілері біліне бастағаннан дәрігерге қаралу;
  • жанұя мүшесінің біреуі ауырған жағдайда онымен қарым-қатынасты шектеп, сақтық шараларын күшейтіп, профилактикалық тексеруден өту;
  • мектеп оқушылары мен мектеп жасына дейінгі балаларда қышыма ауруы пайда болған кезде оларды мектепке немесе ұйымдасқан балалар мекемесіне жіберуге тыйым салынады.
  • үй жағдайында залаласыздандыру құралдарын пайдалана отырып, жиі ылғалды тазалау жүргізу;
  • науқастың төсегін, бас киімін, жеке заттарын пайдаланбау;
  • науқастың кір киімдерін сау адамдардың кірлерінен бөлек сақтап, бөлек жуу қажет.

Гульмира Сыздыкова
Қызылорда облысының СЭБД басшысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!