TikTok, Instagram Reels, YouTube Shorts сияқты платформалар ақпарат тұтыну әдетімізді түбегейлі өзгертті. Олар көңіл көтереді, жаңа дүниеге үйретеді, жарнама мен саясатқа әсер етеді. Бірақ жаңа зерттеулер үздіксіз скроллинг мидың жұмысына елеулі әсер етуі мүмкін екенін көрсетіп отыр, – деп жазады Tengri Life.

Зерттеу нені көрсетті?

Аустралияның Гриффит университеті ғалымдары 71 ғылыми мақала негізінде 100 мыңға жуық адамның мәліметін талдап, қысқа видеолардың көңіл-күй мен ойлау қабілетіне ықпалын зерттеген.

Нәтижесінде:

  • қысқа роликтерді жиі қарау ми қызметінің төмендеуіне,
  • назардың нашарлауына,
  • реакцияны бақылау қабілетінің әлсіреуіне әкелетіні анықталды.

Бұл жасөспірімдерге де, ересектерге де ортақ әсер. Зерттеу Гроувс пен Томпсонның «үйрену және сезімталдықтың қос теориясына» сүйенеді, ол когнитивтік процестердің қалай жұмыс істейтінін түсіндіреді.

Аустралиялық зерттеушілер бірнеше маңызды қорытындыға келген:

  • Қысқа әрі жылдам видеолар тәуелділік тудыра алады,
  • миға үнемі күшті стимул берілгендіктен, уақыт өте келе кітап оқу, тапсырма орындау сияқты баяу әрекеттерге қайта көңіл бөлу қиындайды,
  • алгоритмдер импульсивтілікті күшейтеді,
  • әр видео жылдам ләззат беретіндіктен, адам тез әсер алуға бейімделеді.

Қысқа видеоларды шамадан тыс көру:

  • әлеуметтік оқшаулануды,
  • өмірге қанағаттанудың төмендеуін,
  • ұйқының бұзылуын,
  • мазасыздықтың артуын тудыруы мүмкін.

Зерттеушілер бұл әсердің барлық жас топтарында байқалатынын айтады: қысқа видеоларға көп уақыт жұмсайтын адамдардың назарын ұстап тұру қабілеті айтарлықтай төмендейді.

Нәтиже

Ғалымдар қысқа видеоларға тәуелділікті өлшейтін арнайы шкала жасап шықты. Бұл болашақ зерттеулерге көмектеспек.

Зерттеу авторлары қысқа видеолардың қарқынды таралуы олардың адамның ойлау қабілеті мен мінез-құлқына әсерін тереңірек зерттеуді талап ететінін айтады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!