Қытайда өткен бір тәулікте коронавирусты жұқтырудың рекордтық жағдайы тіркелді – 23107 адам.

Бұл туралы Қытай Халық Республикасының денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комитеті мәлім етті.

Материктік Қытайдың аймақтары арасында солтүстік-шығыс Цзилинь провинциясы мен Шанхай қаласында күрделі эпидемиологиялық жағдай сақталып отыр.

«Өтен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 1323 жағдайы тіркелді, оның ішінде 39 науқас шетелден келген.

1284 вирус жұқтыру жағдайы ел ішінен анықталды, басым бөлігі Цзилинь провинциясы (890) және Шанхай қаласында (322)», – делінген ведомствоның хабарламасында.

Қытайда симптомсыз науқастардың жеке статистикасы бар. Өткен тәулікте 21784 симптомсыз тасымалдаушы анықталды, оның 73-і шетелден келген.

Бұл санаттағылардың да басым бөлігі Шанхайда (19 660) және Цзилинь провинциясында (1 546) тіркелді.

Пандемия басталғаннан бері материктік Қытайда COVID-19 диагнозы қойылғандардың жалпы саны 160,1 мыңнан асты, сауыққан және ауруханалардан шығарылғандар – 131,3 мың, қайтыс болғандар – 4638 адам. КВИ-дің жаңа толқыны 31 әкімшілік-аумақтық бөлінісінің 29-ында таралған. 5 сәуірдегі жағдай бойынша 1,24 млрд. астам адам толықтай екпе алды, бұл – Қытайдың жалпы халқының 88 пайызы.

Дереккөз: el24kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!