Қызылорда қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 шілдедегі «Қызылорда қаласы бойынша шектеу, оның ішінде карантиндік шаралары туралы» №1 Қаулысына өзгерістер енгізілді.

Бұған дейін «Ashyq» жүйесіне қосылғанына қарамастан сенбі, жексенбі күндері барлық нысандардың қызметіне тыйым салынған болатын. Жаңа Қаулыға сәйкес бұл шектеулер алынып тасталды.

Енді «Ashyq» жүйесіне тіркелген объектілер сенбі, жексенбі күндері де өз жұмыстарын күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режиммен жалғастырады.

Қаулы 30 шілдеден бастап күшіне енеді

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!