Қызылорда облысында 5 күнде 460 адам вакцина салдырды.
Олардың арасында басым бөлігі медицина қызметкері болса, қалғаны – екпе салдыруға ниет білдірген тұрғындар.
«Вакциналау – дәл қазір аурудың алдын алып, адам өмірін сақтап қалудың тиімді әдісі. Қазір дифтерия, сіреспе, көкжөтел, тұмау және қызылша сияқты 11 инфекцияның түріне жоспарлы, 8 инфекцияға эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша екпе жұмыстары жүргізіледі. Жалпы алғанда, бұл вакциналар жыл сайын 3 миллиондай адамның өмірін дерттен сақтайды. Вакцина қабылдау ұжымдық иммунитет қалыптастырады. Ал бұл жұқпалы аурулардың таралуын бәсеңдетеді», – дейді Қызылорда облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Әлия Ыдырысова.
Өңірге «Спутник V» ресейлік вакцинасының 1000 дозасы жеткізілді. Қалғаны кезең-кезеңімен келетін болады. Бұл жұмыстарға қазір №1, №3 және №6 қалалық емханаларда 3 егу кабинеттері дайындалған. Екпе жұмыстарын жүргізуге облыс бойынша барлығы 133 мейірбике, 89 дублер тартылған.
Әділжан ҮМБЕТ
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!