Олар алты және үш жаста болған
АСТАНА, 11 қыркүйек – Sputnik. Қызылорда облысы Шиелі ауылында екі бала газдан уланып қайтыс болды, деп хабарлайды өңірдің төтенше жағдайлар департаменті.
Қайғылы жағдай 11 қыркүйек күні таңертең Бекежанов көшесіндегі жері үйде болған.
«2017 және 2020 жылы туған балалар табиғи газдың ағуынан уланып, қайтыс болды. Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметінің 1 қызметкері барды», – делінген депаратмент хабарламасында.

дереккөз Sputnik 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!