Қызылорда облысында жыл басынан бері тұмау жұқтырғандар саны артты және өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 39 пайызға жоғарылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде 2021-2022 жылдардағы эпидмаусымда жедел респираторлық вирусты инфекциясына (ЖРВИ) шалдығудың 19745 дерегі тіркелді. Олардың 64,7 пайызы 14 жасқа дейінгі балалардың үлесінде. Оның ішінде 24,1 пайызы – 1 жасқа дейінгі нәрестелер. Есепте тұрған жүкті әйелдер арасындағы ЖРВИ-ға шалдығу көрсеткіші 25 пайызды құрайды. Жүргізілген эпидемиологиялық мониторингіге сәйкес өңірде эпидахуалдың күрделенуі байқалған жоқ. «Өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда аурушаңдық деңгейі 39 пайызға жоғары», – деп мәлім етті облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен. Тұмау ауруының алдын алу мақсатында 2021-2022 жылдардағы эпидмаусымға 80186 доза вакцина сатып алынған болатын. Өңір тұрғындары арасында тұмауға қарсы вакциналанған контингент 95,6 пайызға жуық.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!