Қызылорда облысында ұжымдық иммунитететті қалыптастыруда 452 мыңнан астам адамның коронавирусқа қарсы екпе қабылдауы жоспарланған.

Қазір өңірде коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентімен 423 667 адам (93,6%) қамтылды. Ал II компонентпен қамтылғаны – 412 982 адам (91,2%). Облыс тұрғындары арасында коронавирус инфекциясын жұқтырудың басым көпшілігі екпе алмаған адамдар арасында анықталып отыр. Вакцина алған азаматтар арасында вирусқа шалдығу дерегі өте төмен.

Ол небәрі 0,4 пайызды құрайды. Өңірде ұжымдық иммунитетті қалыптастыруда облыс тұрғындарының 60 пайызын коронавирусқа қарсы екпемен қамту қажет екені жоспарланды. Осы бағытта 452 480 тұрғынды екпемен қамту ойластырылған.

«Облыс 4 ақпаннан бастап облыс «жасыл» аймақта тұр. Көрсеткіштер бойынша коронавирусқа байланысты аурушаңдық көрсеткіші төмендеп келеді. Қазір медициналық бақылауға алу мерзімі 14 күннен 10 күнге азайған. Осыған байланысты соңғы 10 күндегі аурушаңдық көрсеткіші одан бұрынғы он күндікпен салыстырғанда 4 есеге төменлеп отыр», – деп мәлім етті облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!