Көпбейінді облыстық балалар ауруханасында 72 науқас ем алуда. Оның 59-ы әр түрлі жастағы балалар. Қалған 13-і балалардың аналары, күтім бойынша жатқызылғандар. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте көпбейінді облыстық балалар ауруханасының педиатр дәрігері Жұлдыз Қуатова мәлімдеді.

Айтуынша сәуір айында ауруханадан 20 орынға лайықталып короновирус инфекциясы бөлімшесі ашылса, шілдеде індеттің өршуіне байланысты орын саны 90-ға дейін көбейтілген.

«Көбіне аурудың симптомдары айқын. 1 жасқа дейінгі сәбилер арасында да ауру тіркелуде. Қазіргі кезде жан сақтау бөлімінде 2 бала жатыр. Бірі нәресте, енді бірі жасөспірім бала. Науқастар ауруханаға жағдайлары нашарлап, температурасы 39-40-тан түспей, ентігумен түсіп жатыр. Сондықтан балалар ауырмасын десек, ата-аналары екпе алып, сақтану керек. Сәбилердің иммунитетін түсіріп алмай, көпшілік орындарға жиі апармауы қажет», – деді дәрігер.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!