Қызылорда облысында екпе қабылдауға қабілетті тұрғындардың 94,5 пайызы коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.
Қызылорда облысында ұжымдық иммунитететті қалыптастыруда 452 мыңнан астам адамның коронавирусқа қарсы екпе қабылдауы жоспарланған. Бұл – облыс тұрғындарының 60 пайызы. Қазір өңірде коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 427 254 адам (94,5%) салдырды. Ал II компонентті 420 172 адам (92,8%) адам алған. «Вакцина салдырғандардың басым көпшілігі – облыс орталығының тұрғындары. Ал аудандар бойынша жоғары көрсеткіш – Арал, Қазалы, Жаңақорғанға тиесілі. Кәсіп түрлері бойынша медицина қызметкерлері, мұғалімдер мен күштік құрылымдар қызметкерлері көш бастап тұр. Облыс көлемінде иммундаудан кейін асқыну жағдайлары тіркелген жоқ». – деп мәлім етті облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен. Қызылордада 10 күн бойы ешкім коронавирус жұқтырған жоқ.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!