Қызылорда медициналық жоғары колледжінде М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің интернатура және резидентура филиалы ашылды.
Университет филиалында 12 резидент білім алуда. Оның ішінде 4 реаниматолог-анестезиолог, 3 инфекционист, 1 офтальмолог, 1 травматолог-ортопед және оториноларинголог, неонатолог резиденттер бар.
Биыл құрылғанына 65 жыл толатын М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті қанатын кеңге жайып, өрісін кеңейтіп келеді.
Филиалдың ресми ашылу салтанатын Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Балжан Шаменова құттықтау сөзімен ашып, көпжылдық тарихы бар М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті филалының облыста ашылудағы басты мақсаты – жергілікті мамандардың кәсіби деңгейін арттыру, білім беруді тереңдету,емдеу-алдын алу мекемелерінде жұмыс істеу үшін білікті маман дайындау кезінде қолайлы жағдай жасау және аймағымыздағы медициналық кадр тапшылығы мәселесін шешу болып табылатындығын атап өтті.
Филиалдың ашылу лентасын қию рәсімі Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Балжан Шаменова мен «М.Оспанов атындағы БҚМУ» КЕАҚ директорлар кеңесінің төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Жақсылық Досқалиевке ұсынылды.
Салтанатты шара барысында қонақтар Қызылорда медициналық жоғары колледжіндегі филиалдың оқу-практикалық базасын аралап, оқу кабинеттері мен симмуляциялық орталықпен танысты.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!