Қызылорда облысында соңғы тәулікте төрт оқушы коронавирус жұқтырды.

Қазір облыста қатерлі дертке шалдыққан 3500 адам есепке алынған. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар саны – 227.

Соңғы тәулікте 7 адамнан коронавирус анықталды. Оның 6-уы Қызылорда қаласында тұратын болса, 1-уі Жалағаш ауданынан анықталған. Олардың 4-уі мектеп оқушысы болып отыр.

«ПТР талдаулары 5 пациенттен коронавирус жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болуы себепті алынса, 2 науқастан профилактикалық мақсатта алынған. Бір науқаста коронавирус инфекциясының клиникалық белгілері байқалса, қалған пациенттерде коронавирус инфекциясының симптомсыз түрі анықталды», – деді Қызылорда облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар медициналық бақылауға алынған. Профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар жүргізілуде.

ҚазАқпарат

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!