Фото: Pixabay
Былтыр өңірде 11 мыңнан астам сәби өмірге келсе, соның ішінде 171 егіз, үш үшем туылған.
Қызылордада үшемдер дүниеге келді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.
Біршама уақыт дәрігерлер бақылауында болған нәрестелер перзентханадан үйіне шығарылды.
Жалпы облыста туу көрсеткіші бойынша айтарлықтай өсім бар. Былтыр өңірде 11 мыңнан астам сәби өмірге келсе, соның ішінде 171 егіз, үш үшем туылды.
Міне, жаңа жылға Қазбековтер әулеті де осындай қуанышпен жетіп, үшемнің анасы Ақбота бір сәтте көпбалалы ана атанып отыр.
Балапандарымды аман-есен дүниеге әкеліп, аман-есен босандым. Қазір енді менің де, балалардың да жағдайы жақсы. Бір ұл, екі қыз. Ұлдың есімі Әлинұр, қыздардың есімі Адина мен Медина, дейді үшемнің анасы Ақбота Әбсаттар.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!