Қызылорда облысында жыл басынан бері 12 296 бала дүниеге келді. Оның ішінде 149 жұп – егіздер. Көбінесе егіздер облыс орталығында дүниеге келген, – деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облысы бойынша филиалы.

Биылғы жылы туған егіздердің жалпы санының 60 %-ы Қызылорда қаласына тиесілі. Мұнда 90 ана егіздерді босанды. Арал ауданы 16 жұп егізден дүние есігін ашты. Үштікті Жаңақорған ауданы 11 жұп егіздермен қортындылайды.

Сонымен қатар, Қазалы ауданында – 9 жұп, Шиелі ауданында – 8, Байқоңыр қаласында – 5, Қармақшы, Сырдария аудандарында – 4, Жалағаш ауданында – 2 жұп егіздердің дүниеге келді.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыс бойынша үшемнің тууы тіркелген жоқ.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!