Фото: ашық дереккөзден

Қызылша – дене қызуының жоғарылауымен (40 С-қа дейін), жалпы интоксикация белгілерімен, ауыз қуысы кілегей қабықтарының және жоғарғы тыныс жолдарының қабынуымен, коньюктивит, тері қабаттарының дақты папулезді бөртпесімен сипатталатын жедел жұқпалы вирусты ауру.

Этиологиясына келсек, қызылшаның қоздырғышы Polinosa morbillarum деп аталады. Инфекция көзі – инкубациялық кезеңнің соңғы екінші күнінен бастап, бөртпе шыққаннан төрт күнге дейінгі вирус бөлетін ауру адам. Бесінші тәуліктен бастап қызылшамен ауыратын адамнан ауру жұқпайды.

Бұл ауру қыс-көктем айларында жиі кездеседі және ол инкубациялық, катаральды, бөртпе, пигментация деп аталатын 4 кезеңнен тұрады. Инкубационды кезең 9 – 17 күнді құрайды. Катаральды кезең 3-4 күнді құрайды. Мұрыннан су ағып, жөтел, конъюнктивит байқалады.

Жалпы интоксикация симптомдары – дене қызуының 38 – 39° С-қа дейін жоғарылауы, бас ауруы, жалпы әлсіздік, асқа тәбетінің болмауы, кейде іште ауырсыну мен энантема.

Бөртпе кезеңі 4-5 күнге созылады. Дене қызуы жоғарылап, жалпы интоксикация симптомдарының күшеюімен сипатталады. Бірінші тәулікте бет, мойын, кеуденің жоғарғы бөлігі, екінші тәулікте денеде, үшінші тәулікте аяқ-қолдарда пигментация пайда бола бастайды.

Пигментация кезеңінеде дене қызуы тұрақталып, астениялық құбылыстар мен иммунитеттің төмендеуі байқалады.

Науқасты емдеу әдетте үй жағдайында жүргізіледі.

Аурудың ауыр ағымындағы, асқынуы, қосымша аурулары бар балалар, әлеуметтік тұрмысы төмен, жабық мекемедегі балалар госпитализацияланады.

Науқастың гигиеналық жағдайын қатаң сақтап, көзін жылы қайнаған сумен күніне бірнеше рет жуу, стоматиттің алдын алу мақсатында ауыз қуысын шаю, сұйықтықтар беру, еріндеріне облепиха майын жағу керек.

Диетамен тамақ беріліп, жедел кезеңде өсімдік, сүтті тағамдар ұсынылады.

Дәрілік ем ауру симптомдарының айқындылығына қарай тағайындалады. Симптоматикалық емге қызуды басатын, жөтелге қарсы дәрілер жатады. Асқынбаған қызылшада антибиотиктер тағайындалмайды.

Десенсибилизациялық ем көрсеткіштеріне қарай тағайындалады,

Халықты қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы иммундау үшін құрамдастырылған вакцина және моновакциналар пайдаланылады. Вакцинациялау мен ревакцинациялаудың аралығы 6 айдан кем болмауы қажет.

Гүлдана БАЛАПАНОВА,
Қалалық №6 емхананың егу мейіргері

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!