Фото: youtube
Ресейде электронды темекі шеккен соң оқушының жағдайы күрт нашарлап, көз жұмған, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
17 жастағы қыз Улан-Уде қаласында жүрегі тоқтап, көз жұмған.
Ресейлік басылымы жасөспірім жуынатын бөлмеге кіріп кетіп, ұзақ уақыт бойы шықпағанын жазған. Қыз балаға алаңдаған туысы есікті бұзып кіргенде оқушы ес-түссіз еденде жатқаны анықталған.
Жанынан телефон мен электронды темекі табылған. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері электронды темекі шегуге арналған тағы екі құрылғыны көрген. Тәркіленген заттар қазір зерттеуге жіберілді.
Қыздың өліміне нақты не себеп болғаны сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болмақ.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!