фото: egemen.kz

Биыл Алматыда әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры есебінен қаладағы ерлі-зайыптылар толық прегравидарлы дайындықтан тегін өтеді. Бұл мақсатқа 673 млн теңге бөлініп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Бала көтергісі келетін алматылық отбасылар көптеген медициналық қызметтерді тегін алады. Негізгі шарт – сақтандырылған жарнасы уақытылы аударылуы қажет. Жарна тұрақты аударылмаған жағдайда медициналық қызметтердің біраз бөлігі қолжетімсіз болып қалады.

Прегравидарлы кезеңде отбасылық жұптар жүктілікке дейін жан-жақты тексеруден өтеді. Яғни, бұл кезеңде өмірге дені сау бала әкелу үшін заманауи медицина мүмкіндіктері қолжетімді болмақ. Болашақ ата-аналар бұл кезеңде түрлі диагностикалаудан өтеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!