Пессимистік сценарий бойынша тәулігіне 1700 адам коронавирус жұқтыруы мүмкін.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирустың таралуына қатысты оптимистік және пессимистистік сценарий бойынша болжамды жариялады.
«Оптимистік сценарий бойынша сәуірде тәулігіне коронавирус жұқтырған 500 адам тіркеледі. Пессимистік сценарий бойынша тәулігіне 1700 адам коронавирус жұқтыруы мүмкін», – деді Цой Үкімет отырысында.
Министрдің айтуынша, вакцина салу арқылы елдегі эпидемиялық жағдайды тұрақтандыруға болады.
Aikyn.kz
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!