Жуырда Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Сыр өңіріне арнайы келіп, сала бойынша біршама оң бастаманың қолға алынатынын жеткізді. Бұл басқарма жұмысының алға жылжуына әсер еткені анық.
Денсаулық сақтау министрінің қыркүйек айындағы жұмыс сапары барысында біршама сүйінші жаңалық айтылды. Соның ішінде ең маңыздысы, 2023-2024 жылдар аралығында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында Сыр елінде 27 дәрігерлік амбулатория, елдімекендерде медициналық мекемелер салынатын болады. Жоба шеңберінде өңірде 4 аудандық орталық аурухананы ұйымдастыру жоспарланған. Әрине, бұның барлығы қуантарлық бастама.
Атап айтсақ, 2020 жылдың қаңтар айында тапшылық 205 дәрігерді, 2021 жылы 137-ні құраса, қазіргі таңда облысымызда маман тапшылығы 43,4 пайызға төмендеген. Әрі облыста материалдық-техникалық базаны нығайту жұмыстары күшейтілген. 2021 жылы денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталуы 78,0 пайызды құраса, 2022 жылдың 9 айының қорытындысымен денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталуы 83,0 пайызға жеткен.
Осыған дейін Арал және Жаңақорған аудандарына КТ аппараты қойылды. Ал биыл Шиелі, Қармақшы өңірлеріне жеткізу жоспарлануда.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!