Фото: Пресс-служба Министерства здравоохранения РК

Sputnik. «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының мамандары шалғайдағы ауылдар мен станциялардың 60 мыңға жуық тұрғынын, оның ішінде 14 мыңнан астам бала қарап-тексерілді.

Ауруханалар мен дәрігерлер жоқ ауылдық аумақтардың тұрғындары бейінді мамандардың консультацияларын, аспаптық және зертханалық зерттеулерді қоса алғанда, 165 мыңнан астам білікті медициналық қызметтерді ала алды.

«Осылайша 9 мыңға жуық стоматологиялық қызмет көрсетілді, 18 мыңнан астам зертханалық талдау өңделді, 8841 УДЗ және 6787 ЭКГ сеанстары өткізілді, 4788 шағын хирургиялық операция жасалды», – делінген денсаулық сақтау министрлдігі таратқан хабарламада.

Қарап-тексерулердің нәтижесінде түрлі аурулары бар 3007 пациент анықталды, оның 561-і қан айналым жүйесінің ауруларынан зардап шегеді, 76 адамда қант диабеті, глаукоманың 112 жағдайы анықталды, басқа аурулармен 1864 ауыл тұрғыны емдеуге алынды. Оның ішінде тіркелген жері бойынша емханаларда 2973 пациент, оның ішінде 449 бала динамикалық бақылауға алынды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!