Диетолог Людмила Денисенконың айтуынша, тұмау кезінде алма өкпені инфекциялардан қорғайды. Бұл жемістің тосын пайдасы туралы ол KP.RU сайтына берген сұхбатында айтып берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Диетологтың сөзінше, кейбір зерттеулерге сәйкес, күн сайын алма жеген адамдардың өкпесі жақсырақ болған, әрі тұмау жұқтыру ықтималдығы төменірек болған. Бұған қоса, Денисенконың айтуынша, жемістер тыныс алу мүшелерін темекі түтінінен және ластанған ауа әсерінен қорғауға көмектеседі.

Маман ең пайдалысы жергілікті бақтарда өсірілген маусымдық жемістер екенін баса айтты. Сондай-ақ, ол алмалар балауыз қаптамасыз және химиялық өңдеусіз болуы керегін қосты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!