Облыстық жастар денсаулығы орталығы және «Ай-Қанат» жастар қоғамдық бірлестігінің бірлесуімен 2020 жылдың 27 қараша мен 30 желтоқсан аралығында «Жұқпалы емес созылмалы аурулардың алдын алу!» мақсатында Қызылорда облысының тұрғындары арасында акция ұйымдастырылды.
Қызылжарма мәдениет үйінде оқушылар мен ата-аналар арасында «Сау жүректі таңда!» ұранымен акция өткізілді. Шараға «Ай-Қанат» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы А.Қанатбаева, Облыстық жастар денсаулығы орталығының валеолог мамандары, №5 қалалық емхана СОСҚ медбикесі С.Баймишева қатысты. Акцияға 40 адам қамтылды. «Облыстық жастар денсаулығы орталығының лаготипі бейнеленген магниткалар мен «Қант диабеті», «Жүрек қан тамыр ауруларының алдын алу», «Бронх демікпесінің алдын алу» тақырыптарында 120 дана ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!